Ұлытау облысында құтқарушыларға 13 арнайы техника берілді

555
Фотосурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысының ТЖ департаментіне 13 бірлік техника, құтқару жабдықтары мен арнайы киімдер берілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа техниканың кілттерін облыс әкімі Ұлытау Берік Әбдіғалиұлы салтанатты түрде табыс етіп, төтеншеліктерге барынша қолдау көрсетудің аса маңызды екенін жеткізді.

«Төтенше жағдай қызметі азаматтарының жұмысын ерлікке балауға толық негіз бар. Айтып келмейтін кез-келген келеңсіздікті ауыздықтауда сіздердің еңбектеріңіз жоғары дәрежеде көрініс табады. Бұл ретте жаңа техниканың орны бөлек. Соңғы екі жыл көлемінде облыс бойынша 20 техника табыс етілді. Бүгін міне тағы 13-інің кілтін бергелі тұрмыз.

Қазіргі таңда Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ биыл Қаражал мен Жәйремде де құрылыс басталады»-деді өңір басшысы өз сөзінде.

Табыс етілген техникалар қатарында адам тасымалдауға арналған Газель, сонымен қатар жол талғамайтын көліктер мен қарда жүретін техника мен арнайы қайық бар. Сондай-ақ іс-шарада адамдарды 20 метр биіктіктен аман алып қалуға қауқарлы «Өмір кубы» құтқару құрылғысы, орманды дала өрттерін сөндіруге арналған рюкзак бүріккіштер таныстырылды.

Берік Әбдіғалиұлы өз кезегінде қиын сәтте жерлестерімізге көмекке келген құтқарушыларға алғысын білдіріп, су тасқынын жоюда жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -