Қазақстан мен Түркия арасында жүктерді тасымалдау оңайырақ

629
Фотосурет: Akorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 мамырда Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялаушы заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Akorda

2024 жылы 18 сәуірде Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңы мақұлданды.

Заң Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді және екі ел арасында авто, теміржол және су көлігімен тасымалданатын жүктерді жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -