Ұландық жауынгерлер айбынды мерекені атап өтті

531
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Бүгін Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай салтанатты шара өткізілді.

Мерекелік шараға ардагерлер, өзара қарым-қатынас жасайтын күштік құрылым өкілдері және жеке құрам қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған бөлім командирі полковник Нурмахамбетов Ануарбек Алимович:

«Бүгінгі таңда Отанымыздың тәуелсіздігін қорғаған, әлемді ұлтшылдықтан құтқарған бабаларымыз бен аталарымыздың теңдессіз ерліктерін мақтан тұтамыз. Біз келешек ұрпақтың бақытты өмір сүруі үшін өздерінің жанын қиған ерлеріміздің алдында басымызды иеміз.Сіздерді айбынды мерекеміз Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ел тыныштығы жолындағы жауапты қызметтеріңізге толағай табыстар, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, бақытты ғұмыр тілеймін! Айбынды әскеріміздің абыройы асқақ болғай!»,- деді.

Ұлы Отан соғысындаға майданда болған батыр бабалары жайлы өзін көрмесе де көзін көрген азаматтардан естіген жауынгерлеріміз Ұлы жеңіске арналған шарада олардың суреттерін мақтанышпен көтеріп тұрды. 

Жауынгерлерімізді мерекемен құттықтаған Ұлттық ұланның ардагері отставкадағы аға прапорщик Оңласынов Алихан Саденұлы:

«9 мамыр – Жеңіс күні қасиетті де ұлы мереке! Сол бір Отан үшін болған Ұлы соғыста қазақ елінің қаншама ұлдары ұлы ерліктің үлгісін көрсетті. Бақытты да бейбіт күніміз үшін майдан даласында өмірлерін қиды. Қазақстаннан қатысқан әскерлер арасында 100 мыңнан астам отандасымыз «Жауынгерлік ерлігі үшін» ордендерімен, 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры деген құрметті атқа ие болды.  Ал Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтің ерлігі ел есінде мәңгі қалды. Әскеріміздің кез-келген бағыттағы қызметінің өрлеуіне үлгі болған Халық қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы мен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы мен қызметі ұрпағымызға мәңгілік мұра екені сөзсіз. Сіздерге қаһарлы күндерде жанқиярлықтың, батылдықтың, Отанға деген шексіз махаббаттың үлгісін көрсеткен ұлылардың ерлігі мәңгі ұран болуы тиіс!»,- деді.

Шара соңында мерекеге орай жауынгерлеріміз әскери борышын атқарудағы ынтасы, үлгілі әскери тәртібі және қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттердегі жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы ІІМ орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының, 6698 әскери бөлім командирінің және Шымкент қаласы әкімінің грамота, алғыс хаттарымен марапатталды.

6698 әскери бөлімі

капитан Шынжигитова Малика

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -