Аталардың ерлігі – жастарға үлгі

479
Фотосурет: Сұлтан Сейтов/Еlorda.info

Достық үйінде Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астана қаласының  Достық үйінде Жеңіс күні мерекесіне орай «Аталардың ерлігі – жастарға үлгі» атты дөңгелек үстелі өтті.  Іс-шараға елордалық  ҚХА  және Ақсақалдар  кеңесінің мүшелері,  ғалымдар,  қоғам қайраткерлері, жастар, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері  және басқа да қонақтар қатысты. 

Басқосудың негізгі  мақсаты- Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызын түсіндіру, ата –бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен  насихаттау арқылы  өскелең ұрпақтың бойында  қазақстандық патриотизм мен  ұлттық сана -сезімді қалыптастыру.

Сұлтан Сейтов/Еlorda.info

Сондай –ақ  ғимараттың фойесінде Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен көпшіліктің назарына “Ерлікке тағзым” деген атаумен  мұрағаттық құжаттардың көрмесі ұсынылды.

Ал іс-шара соңында жиналғандардың алдында соғыс жылдарының жан тебірентерлік репертуарымен «Ладушки» орыс әндерінің ансамблі өнер көрсетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -