Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында салтанатты іс-шара өтті

826
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Отанды қорғау-қасиетті парыз және жауапты миссия. Әскери антқа адал нағыз патриоттар әрқашан ерекше құрметке ие.

Қазақстан армиясы ата-бабаларымыздың туған жерін батыл қорғаған батырлығын, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылардың теңдессіз ерліктерін дәстүрлі түрде жалғап келеді.

"Құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлері аға буыннан эстафетаны қабылдап, өздерінің еңбектерімен даңқты әскери және жауынгерлік дәстүрлерді жалғастыруда. Осылайша, олар Қазақстан мен Ұлттық ұлан тарихының жаңа беттерін ашады. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы біртұтас қорғаныс кешеніне ажырамас түрде кіреді. Сондықтан елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі маңызды міндеттерді орындайды. Соның ішінде, ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш-жігерін жұмылдырады. Құқықтық тәртіп әскерлерінің барлық әскери қызметшілеріне халқымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты және мінсіз қызметі үшін алғыс білдіремін! Бас қолбасшылықтың, Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің атынан және өз атымнан барлық әскери қызметшілер мен әскер ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнінің 79 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге, туыстарыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Аспанымыз әрдайым ашық болып, еліміз бен халқымыз өркендей берсін!"  Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов

Отан қорғаушылар күнінен кейін еліміз тағы бір жалпыхалықтық мереке – Жеңіс күнін атап өтуде. Қазақстандықтар көптеген елдермен және халықтармен иық тіресіп фашизмге қарсы күресті. 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға шақырылды, олардың әрбір екіншісі үйлеріне орала алмады. Сондай-ақ 700-ге жуық қазақстандық қорғаныс зауыттарын салу үшін еңбек армиясына шақырылды, осылайша жеңісті өз еңбегімен жақындатты.

Ішкі істер министрінің және оның орынбасары – ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрықтарымен барлық санаттағы 2000-нан астам әскери қызметші марапатталды.

Төсбелгілер, медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар өз иелерін тапты.

Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері қатарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында өткен ғасырдың қатал жылдарында жеңіске жеткендердің ұлдары, немерелері мен шөберелері қызмет етеді. Олар сабақтастықты сақтай отырып, аға буын дәстүрлерін мақтанышпен жалғап жүр.

Іс-шара соңында Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі музыкалық және хореографиялық нөмірлер орындады.

Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 32 жылдығымен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасы үшін атқарып жүрген қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -