Қарағанды облысының соғыс ардагерлерін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады

396
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Жеңіс Күні қарсаңында  екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мерекелік дастарханға соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, Ленинград блокадасы, фашистік концлагерьлердің бұрынғы тұтқындары жиналды.

Қарияларды үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерімен тәнті етті. 

Қонақтар үшін Т. Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектептің тәрбиеленушілері тізіле қарсы алды. 

Сондай-ақ мұражай экспонаттары мен әскери жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 11 ардагер тұрады. 

Олардың барлығының есімдері мерекеде аталды.

Майдангерлермен Ермағанбет Бөлекпаев әңгімелесіп, олардың жанқиярлығы мен ерлігі үшін алғысын білдірді.

– Құрметті ардагерлер, құрметті тыл еңбеккерлері, сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекеде көзіміз жасқа толатыны рас. Жеңіс үлкен еңбекпен келді, көп қан төгілді. Соғысқа 1 миллион 200 мың қазақстандық қатысты, олар біздің болашағымызды қорғады. Бүгін біз мәгілік сапарға аттанған ата-бабаларымызды құрметтегіміз келеді. Біз оларды әрқашан есте сақтаймыз. Бірақ сонымен бірге бүгін жанымызда отырған ардагерлерімізге қошемет көрсетеміз. Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Сіздерді көргенімізге әрқашан қуаныштымыз және Жеңіс үшін күн сайын алғыс айтуға дайынбыз. Сіздерге көп рахмет! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Григорий Степенко 18 жасында майданға аттанған. Ол алғашқы жауынгерлік тәжірибесінен екінші Украина майданында пулеметші ретінде өткен.

– Мен Курск-Орел доғасында шайқаста болдым, Днепрді жаулауға қатыстым. Белгород, Харьков, Орёл, Курск қалаларын азат етуге қатыстым. Мен қарудың барлық түрлерін білемін. Жаяу әскерде де, артиллерияда да қызмет етуге тура келді. Контузияға ұшырадым. Мен қазір 99 жастамын, бірақ бәрі есімде. Баршаға бейбіт өмір сүруді және соғыстың не екенін ешқашан білмеуін тілеймін, – деді Григорий Степенко барлығына.

Ардагерлер өз оқиғаларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі ұрпаққа өсиеттерін айтты.

– Қымбатты қарағандылықтар, баршаңызға ашық аспан тілеймін! Соғыстан кейін адамдарға қаншалықты қиын болса да, олар елді қалпына келтіріп, оған жаңа өмір сыйлай алды. Баршаңызға жақсы болашақ тілеймін, Қазақстанның патриоты болыңыздар және еңселеріңізді жоғары ұстаңыздар, – деді ҰОС жүз жасар ардагері Сұңғат Саттығұлов.

№ 58 мектептің кадет сыныптарының тәрбиеленушілері соғыс туралы өлеңдер оқыды.

Музыкалық нөмірлерді жергілікті орындаушылар мен ансамбльдер орындады.

Ал ардагерлер таныс әуендерді естіп, бірге ән шырқады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -