Ерлан Қошанов Мәншүк Мәметова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

777
Фотосурет: Ж. Жұмабеков / Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Ақжайық» саябағында орналасқан монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне Парламенттегі фракция жетекшілері мен қала тұрғындары қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті.

Аға сержант және пулеметшілер тобының командирі Мәншүк Мәметованың елордадағы ескерткіші 2018 жылы ашылды.

Қазақтың даңқты пулеметшісі 19 жасында өз еркімен майданға аттанған. Ол 21-атқыштар дивизиясы мен 100-атқыштар бригадасының құрамында шайқасты. 1943 жылы қазанда Невель түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тауып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -