Соғыс ардагері Ольга Савенконы қос мерекемен құттықтады

1358
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Андреевна Савенконы туған күні және Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ольга Андреевна 1923 жылы 9 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол жергілікті жеті сыныптық мектепті бітірген. Ленинградтағы әскери байланыс училищесінде оқыды. 1941 жылы қыркүйекте 18 жасында майданға аттанды. 

1-ші Беларусь майданы 109-шы жеке байланыс полкінің құрамында Берлинге дейін жетті. 1945 жылы қарашада соғыстан оралды. Ардагер әскердегі еңбегі үшін I дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Ольга Савенко туған қаласына оралып, тұрмыс құрды. Күйеуімен бірге екі қыз тәрбиелеп өсірді. Ольга Андреевна Алматы телеграфында шамамен 57 жыл жұмыс істеді. Ол 73 жасында зейнетке шықты.

Қазір ардагер қызымен бірге тұрады. Ольга Андреевна соғыс ауыртпалықтарын қинала еске алады. "Сол сұрапыл соғыста қаза тапқан және аман қалған адамдарды ұмытпауымыз керек", – деді ол. Әскери қызметшілермен әңгіме соңында ардагер оларға көрсеткен ілтипаты үшін алғысын білдіріп, бейбітшілік, ынтымақ және амандық тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -