Аягөзде Мәңгі алауға гүл шоқтары қойылды

1055
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Аягөз қаласының орталық алаңында орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш шараға аудан әкімі, Ауған соғысының ардагерлері, Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері, мекеме басшылары мен соғыста опат болған жауынгерлердің туыстары және қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Біз бүгін аттары аңызға айналып, халқының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген және осы майданға қатысқан  батырларымызды мақтанышпен еске аламыз. Отан үшін отқа түскен жерлестеріміздің есімдері мен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек Аягөз ауданының әкімі Қанат Әділбай

Адамзат тарихындағы сұм соғыста өрлік, қайсарлық пен өжеттіктің жарқын үлгісін көрсеткен аға ұрпақтың ерлік ісі – кейінгіге үлгі. Сондықтан бүгінгі ұрпақ оларды ерекше қастерлейді, ұлық тұтады. Даңқты ерлікке мәңгілік құрмет көрсетеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -