Тараз гарнизонында ардагерлерге құрмет көрсетті

1456
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қалалық Жеңіс саябағында "Ерлік" мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев, күштік құрылымдардың басшылары мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында сегіз ардагер, оның алтауы облыс орталығында тұрады. Мереке күндері олардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. 

"Оңтүстік" ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев майдангер Иван Федорович Макеевке Қорғаныс министрінің алғыс хатын табыс етті.

Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері осындай хаттарды облыс орталығында тұратын Григорий Нещеретневке, Мүтәліп Ережепбаевқа, Зоя Мамедоваға, Геннадий Ивановқа, Шалданбай Шаңбаевқа және Байзақ ауданы Жетібай ауылының тұрғыны Рақымжан Мамралиевке, Меркі ауданы Ақарал ауылында тұратын Әзім Жармұхамбетұлына табыс етті.

Мереке құрметіне "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының басшылығы ардагерлер тұратын үйлердің жанында салтанатты сап түзеп, әскери оркестр майдангерлерге құрмет көрсетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -