Астанада әскери қызметшілер майдангер Владимир Дровосековті құттықтады

1054
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Полковник Айдын Сағымбеков бастаған Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері ардагерді құттықтап барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Департамент бастығы ардагерге Жеңіске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, Қорғаныс министрінің алғыс хатын тапсырды.

Владимир Иванович Дровосеков 1926 жылы 18 мамырда дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. 3-ші Беларусь майданының құрамында соғысып, Беларусь, Польша және Германия қалаларын азат етуге қатысты. Содан кейін милитаристік Жапонияға қарсы соғыс қимылдарында болды. Сахалин мен Куриль аралдарында КСРО НКВД-ның 217-ші бөлімінде қызмет етті.

Шайқаста көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Соғыстан кейін ол вагон жөндеу зауытында механик болып жұмыс істеп, жастардың тәлімгері болды.

Владимир Дровосеков жұбайы екеуі үш ұлы мен қызына лайықты тәрбие берді. Ардагердің бірнеше немересі мен шөбересі бар.

Владимир Иванович соғыс жылдарындағы естеліктерін айтып, өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -