Ақтауда әскерилер соғыс ардагерлерін құттықтады

1101
Фотосурет: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

Ақтау гарнизонындағы орналасқан әскери теңіз күштері, теңіз жаяу әскерлері, авиациялық базасы, Маңғыстау облысы қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғыс ардагері Ольга Заривняк және Василий Салазкинды жеңіс күнімен құттықтай барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының ардагерілері соғыс басталғаннан бастап Жеңіс күніне дейінгі бастан кешкен оқиғаларын мұңмен еске алып, өмір жолдарынан сыр шертті. Өздерінің осы сәтке дейінгі жинаған суреттер қорындағы әрбір суреттің тарихына тоқталып, баяндауды да ұмытпады. Арнайы құттықтап келген әскери қызметшілерге жылы лебіздерін білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

«Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 79 жыл өтті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Сіздерге зор денсаулық тілейміз, еліміз тыныш жұртымыз аман болсын» - деді әскери теңіз базасының командирі 2 дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.

Кездесу соңында Ұлы Отан соғысының ардагеріне алғыс хатпен силықтар тарту етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -