Әскери теңізшілер соғыс ардагері Жақан Сейсебаевты Жеңіс күнімен құттықтады

587
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы  Жақан Сейсебаевты Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.   

Кездесу барысында қолбасшылық өкілі ардагерге Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат, "Қарулы күштердің 30 жылдығы" кітабы мен кәдесый табыс етті.

Жақан Сейсебаев 1925 жылы 10 наурызда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сатман ауылында дүниеге келген.

Әскери қызметшілермен әңгімелесу барысында ол соғыстың ауыртпалықтары туралы айтты. Ардагер 17 жасында майданға аттанып, үш рет жараланады.

1942 жылы әскер қатарына алындым. Бізді Мәскеу облысына жіберді. Онда төрт ай бойы әскери техника мен артиллериялық құралдарды игердік. 1943 жылдың бірінші қаңтарында Беларусь майданына аттандық. БМ-13 "Катюша" реактивті артиллериясының зеңбірекшісі болдым. Сол жылы 12 наурызда басымнан жарақат алып, Мәскеу госпиталіне түстім Деп соғыс ардагері естеліктерін бөлісті

Аңызға айналған "Катюшаның" көмегімен Белоруссияны азат ету үшін болған шайқаста жауынгер 60 жау танкісін жойды. Майдангер Жеңісті Шығыс Пруссияда-Кенигсбергте қарсы алды. Содан соң ол Қиыр Шығыстағы және Корея соғысындағы екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ошағын жоюға қатысты.

Майдангер 1948 жылы 20 мамырда үйіне оралады. Колхозда жұмыс істеп, мал бақты. Жұбайымен екеуі 62 жыл өмір сүрді. Ардагердің бірнеше немересі мен шөбересі бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -