Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинация: Сіз білуіңіз керек барлық нәрсе

6655
Фотосурет: ҚР ДСМ

Биылғы жылы 25 598 адам немесе нысаналы топтың 100%-ы кене энцефалитіне қарсы вакцинациялаудан өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жоспарлы вакцинациялауға жұмыстары аурудың табиғи ошақтарында болумен байланысты және аурудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі болып табылатын орманшылар, егерлер, геологтар және аңшылар сияқты адамдар жатады.

Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.

Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92%-ы кене иммуноглобулинін алды.

Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар.

Кене энцефалитін жұқтыру негізінен эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда орын алады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:

1.⁠ ⁠Репелленттерді қолданыңыз. Кенеге қарсы құралдар шағу қаупін азайтуға көмектеседі.
2.⁠ ⁠Қорғаныс киімін киіңіз. Орманда және табиғатта жабық киім мен аяқ киімді таңдаңыз.
3.⁠ ⁠Өзіңізді және жақындарыңызды үнемі қарап-тексеріп отырыңыз. Табиғатта серуендегеннен кейін денені кенелердің бар-жоғына мұқият тексеріңіз.
4.⁠ ⁠Уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағып алған кезде дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз.
5.⁠ ⁠Иммуноглобулиннің тиімділігін қамтамасыз ету үшін шаққаннан кейінгі алғашқы 4 күнде медициналық ұйымға хабарласу қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -