Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне арналған бірегей білім беру бағдарламалары құрылды

4455
Фотосурет: ortcom.kz

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төрешілік ететін төрешілердің халықаралық семинары өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ұлттық спорт түрлері бойынша мамандар даярлау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша, алғаш рет 2 кешенді ғылыми топ құрылды. Олар – жылқы шаруашылығы бағытында және ұлттық спорт түрлерінің спортшыларын даярлау бойынша, құрамына жетекші ғалымдар ветеринарлар, биологтар, генетиктер, спорттық психология және медицина мамандары кіреді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығының базасында ғалымдар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар мен спорттық жылқылардың функционалдық және психологиялық жағдайына мониторинг жүргізіп жатыр.

«Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Ұлттық спорт  қауымдастығы мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы бірлесе отырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төрешілік ететін төрешілердің халықаралық семинарын өткізбек. Бүгінде семинар кестесі мен оқу бағдарламасы әзірленіп жатыр» Тастанбек Есентаев

Қауымдастық қызметінің басым бағыттарының бірі – ұлттық спорт саласында білікті кадрлар даярлау. Қазақстан тарихында алғашқы рет  «Ат спортының ветеринариясы» және «Ат спорты түрлерінің жаттықтырушысы» мамандықтары бойынша Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Қазақ спорт - туризм академиясымен бірлесіп  білім беру бағдарламалары әзірленді. Екі білім беру бағдарламасы да инновациялық мемлекеттік тізімге енгізілді. Биыл аталмыш оқу орындары 2 мамандық бойынша талапкерлерді қабылдап бастайды.

Сондай-ақ, осы жылдың жылдың наурыз айында Жоғары ұлттық спорт  мектебі құрылды. Ұлттық спорт мектебі ұлттық спорт түрлері бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және қолданбалы зерттеулер жүргізу бағытында жұмыс істейді. Қазіргі таңда жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттырудың 8 бағдарламасы әзірленген. Төрешілер үшін «Теңге ілу», «Көкпар», «Көк-бөру» (қырғыз) спорт түрлері бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -