Алматыда грэпплинг бойынша Турнир: салауатты өмір салты үшін спортшылар

4180
Фотосурет: Gov

Алматыда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай спорттық турнир өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматыда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған “SAGADAT BATYR OPEN” AIGA грэпплингінен халықаралық турнир өтті.

Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан спортшылары қатысты.

Турнирді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының іс-шараларын орындау шеңберінде ұйымдастырды.

Ішкі істер министрлігі атынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов сөйледі.

Жалпы турнир спортшылар мен жаттықтырушыларды, жанкүйерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды біріктірді. Қатысушылар зиянды әрекеттерден аулақ қоғам құрып, бұқаралық спортты көпшілік арасында насихаттау қажеттігін атап өтті.

Шараның негізгі мақсаты – спорт арқылы жастар мен балалар арасында есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

"Бүгінгі жарыс адам денсаулығы мен әл-ауқаты бірінші орында болатын салауатты орта қалыптастыруға арқау болсын" Бақытжан Әмірханов

Жеңімпаздар “Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні” деген арнайы белгісі бар медальдармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -