Қазақстан қазақ тілін өңдеу моделін әзірлеуде

4334
Фотосурет: kapital.kz және primeminister.kz

Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бірқатар жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ел экономикасының түрлі саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу үшін стратегиялық құжат қабылданды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ЖИ дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады.

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүруде. Ең алдымен, деректерді жинау үшін «Заманауи үлкен тіл моделін (KazLLM) құру» бағдарламасы бойынша консорциум құрылды. Консорциумға Ақпараттық және есептеу технологиялары институты, Сәтбаев университеті, Назарбаев университеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты және ҚазҰУ кіреді.

Сонымен қатар KazLLM үшін деректер массивтерін консорциум және мемлекеттік органдармен бірлесіп толтыру үшін деректер «Smart Data Ukimet» (SDU) ақпараттық-талдау жүйесіне беріледі. 

«Осы алты айдың ішінде 1 миллиардқа жуық арнайы сөз қолданысы тапсырылды. Екінші үлкен бағыт ол әрине кадр даярлау. Бүгінгі таңда 17 жоғары оқу орны “Қолданбалы жасанды интеллект”, “ЖИ және блокчейн инженериясы”, “Кибернетика және ЖИ”, “Медицинадағы ЖИ” және басқа да ЖИ бойынша 15 білім беру бағдарламасын енгізді. 2196 студент оқиды, оның ішінде 2091 бакалавр, 82 магистрант және 23 докторант оқытылуда. Осы жылдан бастап “Болашақ” бағдарламасының шеңберінде де ЖИ деген арнайы квтота енгізіледі» Саясат Нұрбек

Бағдарламалар шетелдік серіктес ЖОО-ларды тарта отырып әзірленеді. Мәселен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің (Сеултех) Информатика және ЖИ мектебі ашылды. «Ақпараттық жүйелер», «Киберқауіпсіздік», «Есептеу техникасы және бағдарламалау», «Информатика» жаңа білім беру бағдарламалары бірлесіп енгізілуде. Биыл 30 стипендия бөлінді.

«2024 жылдың наурыз айында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да “Жасанды интеллект” бағдарламасын әзірлей отырып City University of Hong Kong (CityU) филиалы құрылды. Биыл 50 грант бөлінеді. Сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да алдағы қыркүйекте ЖИ бойынша халықаралық зерттеу орталығы ашылады. Лу Бань шеберханасын құру шеңберінде көлікті басқаруда ЖИ пайдалану бойынша smart Driving Technologies инжинирингтік орталығын құру жоспарлануда» Саясат Нұрбек

Сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті 2024-2025 оқу жылында енгізілетін «Есептеу технологиялары мен ЖИ әдістері» бағдарламасын әзірлеген. Astana IT University 2024 жылғы қыркүйекте бизнестегі ЖИ бағдарламасын әзірлеу үшін University of Genoa (Италия) компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жаңа «AI» бағдарламасын жасады.

Сондай-ақ министрдің баяндауынша, мектеп деңгейінде тұңғыш бағдарлама мектебі Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің негізінде ашылады. 

«Үшінші бағыт — өзіміздің ЖОО негізінде кішігірім суперкомпьютерлер бағдарламасы енгізілді. Сәтбаев университетінде есептеу кластері әртүрлі салаларда күрделі есептеулер үшін пайдаланылады. Оны қазір дамытып жатырмыз. Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде 2015 жылы Үндістанның ұлттық компаниясы PARAM BILIM суперкомпьютерін қойған болатын. Алдағы бір айдың ішінде одан қуаты 100 есе ұлғайтылған Сингапурдың жабдығы келеді. Ең үлкен суперкомпьютер (1.94 PFLOPS қуаты бар) алдағы күзде жеткізіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚХР-дағы серіктестеріміз арасындағы келісімшартқа қол қойылды» Саясат Нұрбек

Министрдің айтуынша, еліміздегі барлық суперкомпьютерлердің жалпы қуаты шамамен 2 PFLOPS-ты құрайтын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -