Алматыда Жастар күні: қандай іс-шаралар өтеді

4576
Фотосурет: Gov

Алматыда Жастар саясаты басқармасының  қолдауымен Халықаралық жастар күніне орай  қаламызда және комьюнити орталықтардың базасында 60-тан астам арнайы шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Алматы – жастар қаласы, мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады.

Осы ретте, ағымдағы жылдың 3 тамызы мен 12 тамыз аралығында 10 бағыт бойынша («Taza Qazaqstan», «Jas kelse. Iske!», «Densaulyk – zor bailyk», «Gylym tappai maqtanba», «Meyirimdilik mekeni», «Adal Azamat», «Enbek barin de jenbek», «Ystyq qairat. Nurly aqyl. Jyly jurek», «Qorgan-24», «Jasratmen birge») жастардың шығармашылық әлеуетін асыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады.

«1999 жылдан бастап бүкіл әлемде 12 тамызда Халықаралық Жастар күні атап өтіледі. Бұл жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн. Біз қарқынды өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жастар батылдық пен шығармашылықтың үлгісін көрсете отырып, осы процестердің алдыңғы қатарында. Біздің міндетіміз – сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау» Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы міндетін атқарушы Азиз Кажденбек

12 тамыз - Халықаралық Жастар күні күні қала кәсіпкерлерімен бірлесіп, 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған «Jas Almaty» ауқымды акциясын өткізу жоспарланған. Іс-шара аясында қоғамдық тамақтану мен пайдалы демалыс саласында жеңілдіктер жасалады.

Іс-шаралар туралы қосымша ақпаратты jas.almaty және комьюнити-орталықтардың инстаграм парақшаларынан көре аласыздар.

 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -