АЭС құрылысы: Қазақстанға не береді?

7403
Фотосурет: golos-naroda.kz

Және АЭС туралы...

Әрине, Семей, Чернобыль, Фукусима апаттарынан кейін Қазақстандықтар үшін, жоспарланған Реферундум кезінде анық шешім қабылдау өте күрделі мәселе болып тұр.

Ашығын айтсақ, АЭС керек.

Себебі:

1. Бүгінгі жағдай өзгермесе 5-7 жылда бізде электр энергиясы тапшылығы басталады. Су электр стансаларын салуға тауларымыз аз. Жылу электр станциялары тиімсіз болады. Экологиялық салықтар төлемі көбейеді. Жасыл энергия қымбат.

Тек АЭС қалады.

2. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, біз сияқты тегіс жерде жайласқан елдердің барлығы, негізгі электр энергиясын АЭС-тен алады. Түркия, Сауд Арабиясы, Франция мысал.

3. Біз АЭС-тің шикізаты уранға баймыз. Оны тек экспортқа шикізат ретінде сатпай, электр энергиясын сататын болсақ, мәре біздікі болады. Тек электр энергиясын сатумен 2-3'млрд долларлық табыс табуға мүмкіндік бар.

4. Алматыда ядролық қондырғы жұмыс істеп тұр. Мамандар мәселесі жоқ. Қайтаға, АЭС-ке қосымша мамандар жұмылдырылып, жаңа жұмыс орындары ашылады. АЭС-ке қызмет көрсететін сыбайлас салалар да дами бастайды. Ғылым дамиды,  физика, химия, биология мамандарына сұраныс артады.

Қазіргідей тек изотоптар шығарумен шектелмейміз.

5. АЭС-тің орналасу жайы да тиімді. Электр энергиясыны тапшы оңтүстік өңірге жақын. Сондықтан , экономикалық тиімділігі ЖІӨ-ге де, бюджетімізге де қомақты болады.

6. Ең маңыздысы, экологиямыздың көп мәселелері шешіледі. Әсіресе, қыста Алматы ауасын жылу электр станцияларынан құтқару мүмкін болады. Оларды жауып, бейбіт атом қуатын пайдаланамыз, береке тапқырлар.

Сапарбай Жубаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -