Саран қаласында орталық қазандықтың құрылысы аяқталды

4961
Фотосурет: Gov

Саран қаласында орталық қазандықтың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биыл жаңа жылу көзі қаланың шамамен 80%-ын жылумен қамтамасыз етуі тиіс. 

Іске қосудың бірінші кезеңінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Өңір басшысына жылыту маусымынан өту кезіндегі жұмыс принциптері мен ықтимал қауіптер туралы баяндалды.

– Орталық қазандықтың жобасы ұзаққа созылып кетті. Магистральдық желілер 10 жылдан астам уақыт бойы жер астында болды. Бүгінде олардың барлығы техникалық тексеруден өтті. Ақаулы жерлер табылды, құбырлар тез арада жаңасына ауыстырылуда. Жұмыстар 70% аяқталды. Жергілікті қазандықтар штаттан тыс жағдайда қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін резервте болады, – дейді Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов.

Қазандық энергияны үнемдейтін – төмен температуралы қайнайтын қабат технологиямен салынған. Бұл көмірдің кез-келген түрін пайдалануға және отынды үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл тарифке оң әсер етеді. Қазақстан бойынша осындай екі қазандық бар, екеуі де Қарағанды облысында – Шахан мен Саранда.

– Бүгін біз бірінші қазанды іске қостық. Автоматика, жылу техникасы, энергетика, химиялық су тазарту, көмір беру қалай жұмыс істейтінін байқаймыз. Бұл жылу маусымы кезінде тәуекелдерді болдырмау үшін қажет. Біз әлі толық циклге жете алмаймыз, өйткені сыртта күн әлі жылы, плюс температура. Минус 6–8 градуста орталық тарату пункттеріне жылу беріледі, сол жерден ол үйлерге түседі. Қазір көмір сатып аламыз, суды тазарту үшін химреагенттер сатып алдық, – деді "Сарантеплосервис" ЖШС Бас директоры Асылбек Төкенов.

Төрт қазандық орнатылған, олардың әрқайсысы сағатына 30 Гкал өндіреді. Әзірге жұмыста екі қазандық болады. Осыған қарамастан, барлық жабдықта іске қосу-жөндеу жұмыстары мен сынақтар өтеді.

Қазандықтың аумағында қалдықтарға арналған полигон салынды. Экология туралы да ойластырылған. Мұнда зиянды заттар тұнатын заманауи газ құбырлары орнатылған.

Жаңа қазандыққа қажетті штат та қабылданды. Мұнда ауысым бойынша 70 адам жұмыс істейтін болады.

Саран қаласында орталық қазандықты іске қосумен бір мезгілде резерв үшін қолда бар 21 жергілікті қазандық дайындалады. Оларда дайындықтың толық циклі жүргізіледі: қысу, желілерді жуу, көмір сатып алу. Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясының мамандары тұрғындар үй ішіндегі құбырларды тексеруі үшін үйлерді аралайды.

Биыл орталықтандырылған жылытуға 255 тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар қосылады. Пешпен жылыту орнатылған Саранның екі шағын ауданына жылу жергілікті қазандықтардан берілетін болады. Бұл үйлерге орталықтандырылған жылыту келесі жылы орамішілік және үйішілік коммуникациялар толық орнатылған соң жіберіледі деп жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -