Көшпенділер ойындары: қазақстандықтар садақ атудан медаль жеңіп алды

7975
Фотосурет: olympic.kz және Gow

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша өнер көрсеткен Астана қаласының спортшысы Қасымхан Қанат қола медальға ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұдан бұрын тағы бір жерлесіміз әйелдер арасында өнер көрсеткен Айкөркем Батихан қола медаль еншілеген болатын, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін «Пута» нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтті. «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр.

Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Айта кетейік бұл спорт түрінен Астана қаласының алты спортшысы бақ сынауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -