Алматы тауларындағы жаңа демалыс аймағы: 3450 метр биіктіктегі кемпинг

6116
Фотосурет: Almaty akimdigi

Алматы тауларында жаңа кемпинг-аймағы орнатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан Альпинград алаңда кезекті кемпинг-аймағы ашылды.

Альпинград белсенді демалысқы құмар әуесқойлар арасында танымал Амангелді, Мәншүк Мәметова, Пионер, 28 панфиловшылар шыңдарымен қоршалған. Осы себептен де Альпинград алаңы демалысқа қолайлы орындардың бірі болып саналады. 

Кемпинг-аймақ жайлы демалыс үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген – мұнда кең шатыр алаңдар, жабық үстелдер мен орындықтар, жайлы күрке бар. Тіпті сағаттап тауда уақыт өткізген туристерге гаджеттерін зарядтау үшін таптырмас құрылғы күн панельдерімен де жабдықталған. Сонымен қатар, күркеде келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сигналды маяк орнатылған.

Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін Алматыда   «Терра» алаңында және Титова көлі маңында тағы екі кемпинг-аймақтың ашылуы жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -