Жақсы дәстүрлер: Димаштың концертінен кейінгі тазалық акциясы

9383
Фотосурет: Gov

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. Тазалық акциясына «Астана Жастары» КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтіп жатыр. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды. Арнайы автобустармен жүру үшін концерт билеті болуы қажет.

Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Сонымен қатар, елордада жаңадан Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -