СҚО прокурорлары прокурорлары жұмысшылардың конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында қызметкерлердің жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстап қалуды анықтады.
Айтап айтқанда, Айыртау ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы, 28 қызметкерден ынталандырушы үстемеақыларды өтеу есебінен 1,3 млн теңге мөлшерінде жалақы ұсталған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заңсыз ұсталған сомалар төленді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Орталықтың 28 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
Еңбек құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.