АЭС қатысты референдум: сайлаушылардың 57 пайыздан астамы

23309
Фотосурет: Gov

Бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру өтуде.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 58,12 %
2. Ақмола облысы бойынша – 63,50%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41 %
4. Алматы облысы бойынша – 64,09 %
5. Атырау облысы бойынша – 56,61 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82 %
7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58 %
8. Жетісу облысы бойынша – 58,86 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86 %
10. Қостанай облысы бойынша – 67,57 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,70 %
13. Павлодар облысы бойынша – 58,70%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%
15. Түркістан облысы бойынша – 70,73 %
16. Ұлытау облысы бойынша -63,85 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33 %
18. Астана қаласы бойынша – 46,30%
19. Алматы қаласы бойынша – 20,57 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48 %

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -