ҚазҰУ студенттері дзюдодан турнирлерде чемпион атанды

5115
Фотосурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студент-спортшылары беделді халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ақтауда бапкер Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдодан ашық Азия кубогы өтті. Жарысқа Әзірбайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 3-курс студенті Аңсарбек Гайнуллин 81 келі салмақ дәрежесінде дзюдодан Азия чемпионы атанды.

Grand Slam сериясындағы дзюдодан халықаралық турнир Абу-Дабиде (БАӘ) аяқталды. Қазақстан командасы үш қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 3-курс студенті Әбиба Әбужақынова бар, ол 48 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -