Қорытынды тексеру өткізілуде

6094
Фотосурет: Аягөз гарнизоны

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінде 2024 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес қорытынды тексеру өтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты әскери бөлімдердегі взводтардың, роталардың, батальондардың жауынгерлік даярлық деңгейін, бөлімшелердің қойылған жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын жіті тексеру. Сонымен қатар, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен оларды басқарудың үйлесімділігін бағалау болып табылады.

 ​Қорытынды тексеруде жеке құрам мемлекеттік-құқықтық дайындық, атыс, тактикалық, арнайы даярлық, дене және саптық даярлық бойынша кәсіби деңгейіне сәйкес бағаланады. Сондай-ақ, комиссия мүшелері қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, командирлердің жұмыс жүйесін ұйымдастыруын, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін тексеретін болады.

 - Әр оқу жылының соңында өткізілетін қорытынды тексеру үш кезеңде жүргізіледі. Тексеруді бөлім басқармаларынан бастап, батальондар мен роталардың және взводтардың жеке құрамы тапсырады. Әскери қызметшілер жауынгерлік техникаларды жүргізу және басқа оқу пәндері бойынша білімдерін бөлімнің тұрақты орналасу пункттерінде, далалық жаттығу полигонында өткізеді, - деді гарнизон бастығы подполковник Дастан Мухаметжанов.

 ​Айта кетейік, әр жылы өтетін қортынды тексеріс нәтижесі бойынша барлық пәндерді жақсы бағаға тапсырған әскери қызметкерлерге сыныптық біліктілік дәрежесі беріліп, сондай-ақ жалақысына қосымша қаражат төленетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -