Ақтауда Әскери-теңіз күштерінің теңізшілерін үйлеріне салтанатты түрде шығарып салды

6259
Фотосурет: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

Ақтау қаласындағы әскери пирсте белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери-теңіз базасының 173 теңізшісі Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік туымен салтанатты түрде қоштасты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар бір жыл ішінде теңіз жаяу әскерлерінің десанттық шабуыл батальонында, әртекті кемелер дивизионында және Әскери-теңіз базасының коменданттық ротасында қызмет етті.

Қызметін аяқтаған әскери теңізшілерді Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының, әскери-теңіз базасы қолбасшылығының өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері құттықтады.

"Сіздер өз әскери борыштарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Мемлекеттік және халықаралық іс-шараларда ел Қарулы Күштерінің мерейін үстем еттіңіздер. Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен қызметке деген адалдықтарыңыз жоғары бағаға лайық. Әскерде алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз азаматтық өмірде де кәдеге жарайды деп сенеміз" Штаб бастығы – әскери-теңіз базасы командирінің бірінші орынбасары 2-дәрежелі капитан Рустам Жүнісов

Салтанатты рәсімнің маңызды сәті жауынгерлік дайындықта және «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуында ерекше көзге түскен матростарды марапаттау болды. Оларға алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. Запасқа шығарылған барлық әскери қызметшілер естелік сыйлықтар алды.

"Әскери-теңіз күштері қатарында қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Бірлігі бекем, ұйымшыл команданың құрамында болдым. Алдымызда жаңа өмір күтіп тұр. Әскер бізді көп нәрсеге үйретті. Әрқайсымыз туындайтын қиындықтарды жеңе алатынымызға сенімдімін" Десанттық-шабуыл бөлімшесінің командирі 2-дәрежелі старшина Хусейн Богучаев

Күзгі әскерге шақыру аясында Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерден 1500-ге жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші запасқа шығарылғанын айта кету керек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -