Бүгінде отбасылық құндылықтарды дәріптеп, салихалы ұрпақ тәрбиелеуді, болашақ ұрпаққа үлгі болатындай жарасымды жанұялардың санын арттыруды мақсат еткен «Өнегелі отбасы» байқауының Маңғыстау облысы бойынша I - кезеңі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бірнеше отбасы бақ сынаған шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімінің қызмет бастығы, Джолихановтар отбасы да қатысып үздіктер қатарынан көрініп Республикалық кезеңде өнер көрсетуге жолдама алды.
Ұлттық ұлан әскер қатарында қызмет атқарып жүрген лейтенант Джолиханов Бекес Елімханұлы, бүгінде өзінің жан жары Жанна екеуі төрт ұл үш қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.
Айта кетейік Маңғыстау облысы бойынша «Өнегелі отбасы» байқауының I - кезеңі онлайн форматта өткізілді. Оған Маңғыстау облысынан көптеген отбасылар қатысып, үздіктер анықталды. Ендігі кезекте байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері желтоқсан айында Астана қаласында өтетін байқаудың II-кезеңіне қатысатын болады.