Аягөз гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамымен жол көлік оқиғаларын алдын алу және жол жүру ережелерін бұзбау мақсатында «Автомобильді қысқа дайындау – апатсыз пайдалану кепілі» айлық өткізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Осы орайда, Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімінің өкілдері гарнизондағы барлық әскери бөлімдердің жеке құрамына қысқы, күрделі метеорологиялық жағдайлардағы қауіпсіздік пен көлік құралдарын басқарудың ерекшеліктері тақырыбында сабақ өткізді. Іс-шарада көлік жүргізуші куәлігі бар әскери қызметшілердің және жеке көлік құралдары бар әскери қызметшілердің тізімдері салыстырылды.
Шара барысында жеке көлік құралдарының қысқы кезеңге дайындықтары тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды. Сондай-ақ, қатысушылар үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптары мен жол жүру ережесі қосымша жеткізілді.
- Біздің әскери сала мамандары жағдайды барынша түзетіп, мамандықтарына жауапкершілікпен қарайды. Жол қауіпсіздігін алдын алу үшін осындай шараларды өткізу маңызды, – деді Әскери полиция бөлімі әскери автомобильдік бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Абдыкарим Дауренов.