Жас сарбаздарды әскерге шығарып салды

18414
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизоны

Семейде әскер қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Абай алаңында өткен шараға Қарулы күштердің ардагерлері, студенттер, мектеп оқушылары  және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Салтанатты шарада Абай облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Қайрат Таттекенов, «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары кеңесі Республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша өкілі Айнұр Татерова, сарбаздардың ата-аналар атынан Ерлан Жүнісов пен жас сарбаз Ернар Нұғманов сөз алып, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.

Бұған қоса жиында мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға Абай облысы әкімдігі атынан «Киелі Абай елі» кітап-альбомы естелік сыйлыққа табысталды. Кітапта Абай облысындағы тарихи жерлер, фотосурет, деректер мен ескерткіштер туралы мәліметтер жинақталған.

Айта кетейік, әскер қатарына шықырылушылар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44793 әскери бөліміне жіберілді. Абай облысында мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -