Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастығы: WE Finance Code іске асыру

8932
Фотосурет: kapital.kz

Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Кездесу барысында 2023 жылы Марракеш қаласында Дүниежүзілік Банктің бастамасымен Әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы кодексте (WEFinanceCode) көзделген қаржы нарығында гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында тараптар WE Finance Code кәсіпкер әйелдерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

WE Finance Code – бұл жынысы бойынша бөлінген шағын және орта кәсіпорындар туралы деректер жинауды кеңейтуге және кәсіпкерлік саласындағы гендерлік-сезімтал саясаттарды әзірлеу үшін деректерді пайдалануға бағытталған көпжақты халықаралық бастама.

Әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы кодекс Дүниежүзілік банк ұйымдастырған бірлескен серіктестік негізінде жүзеге асырылады, оның мақсаты әйелдер басқаратын компаниялар тап болатын қаржылық және қаржылық емес шектеулерді жою болып табылады.

Кездесу барысында қаржы нарығының ағымдағы жай-күйі, банк секторында, сақтандыруда және бағалы қағаздар нарығында қабылданған негізгі заңнамалық және реттеуші реформалар мәселелері қаралды.

Тараптар ЕҚДБ-ның техникалық көмек бағдарламаларын іске асырудың, оның ішінде қаржы секторында ESG қағидаттарын енгізу, стрестік активтер нарығын дамыту, еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды ырықтандыру жөніндегі оң қорытындыларын атап өтті. Бұдан әрі бірлескен жұмыс ретінде тараптар банктер туралы жаңа заңды әзірлеу бойынша техникалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -