Сарапшыларды даярлау: Алматыда АЖ/ТҚҚ бойынша семинар басталды

8657
Фотосурет: ҚР ҚМА

Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің бағалаушыларына арналған семинар басталды, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Шараны ЕАТ Хатшылығы Қаржылық мониторинг агенттігімен және ХҚМОӘО-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарға ЕАТ-қа мүше Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты елдердің 50-ге жуық өкілдері, сондай-ақ MONEYVAL тобының мүшелері Әзірбайжан мен Сербия сарапшылары қатысуда.

Қатысушылар апта бойы өзара бағалауды жүргізудің негізгі критерийлері туралы айтып, ФАТФ ұсынымдарына техникалық сәйкестікті және АЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ  ұлттық жүйелерінің тиімділігін бағалау әдістемесін, сондай-ақ Өзара бағалаудың 3-ші раундын өткізуге арналған ЕАТ рәсімдерін зерттейді.

Семинарды аяқтағаннан кейін ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өкілдері Өзара бағалауды жүргізу рәсімдері мен Әдістемесі туралы қажетті білім алады және сарапшылар пулына енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -