Аягөздегі әскери бөлімдер жас сарбаздармен толықты

15444
Фотосурет: Аягөз гарнизоны

Аягөз гарнизонындағы танк және артиллерия әскери бөлімдері еліміздің 10 облысынан келген келген 350-ге жуық сарбазбен толықты, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Жоспарға сәйкес күз айындағы әскер қатарына шақырылған сарбаздар бір айлық жас жауынгер курсынан өтіп, саптық дайындықты және жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сонымен қоса жауынгерлік қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады. Оларға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери істің негіздерін үйретуде.

- Әскери бөлімде жас сарбаздардың келуіне барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі құрылды. Бір ай ішінде болашақ Отан қорғаушылар жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құқықтық дайындық және жауынгерлік дайындық сабағы бойынша білім алатын болады. Қазіргі уақытта жас сарбаздар, жауынгерлік дайындықтың жоспары бойынша саптық, тактикалық, атыс, денешынықтыру, медициналық дайындық сабақтарын оқуда, - деді танк әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Бақыт Қашқынбаев.

Қазақстанның бірнеше өңірінен жиылған сарбаздар 365 күн бойы тынбай тер төгіп, толықтай әскери өмірді бастан өткермек. Сондай-ақ, өздерінің бір жыл қызметтері барысында нағыз шыңдалған ер азамат болып шығатындарына сенімді.

Айта кетейік, жас сарбаздардың салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі 30-шы қарашаға жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -