Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастықты нығайтуда

4532
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/ Сенаттың Баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров, Талғат Жүнісов, Бауыржан Қаниев, Сәкен Арубаев және Нурия Ниязова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бірінші отырысына қатысты. Екі елдің депутаттары екіжақты өзара іс-қимыл келешегін талқылау және парламентаралық ынтымақтастықты нығайту үшін бас қосты, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Сенатор Нұрлан Бекназаров онлайн түрде өткен отырыстың ашылуы кезінде Қазақстанда Беларусьпен стратегиялық әріптестікті нығайтуға ерекше маңыз беріліп отырғанын атап өтті. Ол өз сөзінде елдердің екіжақты қарым-қатынасы ашық саяси диалогпен, тығыз сауда-экономикалық байланыстармен, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді ынтымақтастықпен сипатталатынын атап өтті. Оның айтуынша, екі мемлекет басшылары қалыптастырған әріптестікті одан әрі тереңдетуде ынтымақтастық жөніндегі комиссияның қызметі маңызды тетік болады.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Отырыс барысында екіжақты қатынастардың маңызды тарихи кезеңдері, оның ішінде 1996 жылы Достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғаны және мемлекет басшыларының соңғы жылдардағы сапарлары туралы айтылды. Қазақстан мен Беларусь ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясында өзара тығыз іс-қимылды жалғастырып келеді. Бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік негіз жасап отыр. Тараптар отырыс барысында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және екі елдің мүддесіне орай парламентаралық диалогты белсенді дамытуға ниет білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -