Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Маңғыстау облысында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай–ақ олардың жұбайлары болып табылатын 71 мыңнан астам жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00–нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсынғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталды.
Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілерге (Маңғыстау облысында 2024 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша – 8948 жеке тұлға) салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберілді.
Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде мұндай адамдар декларацияны ұсыну немесе түсініктеме беру арқылы бұзушылықты жоюы қажет.
Мұндай салық төлеушілерге банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұру түріндегі шаралар қолданылады. (Салық кодексінің 118бабы 1–тармағының 1–тармақшасы).
Салық төлеуші декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «e–Salyq Azamat», «eGov mobile» Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы ұсына алады.