ҰҚК кезекті нарколабораторияны жойды

5434
Фотосурет: Gov

Осы жылдың қазанында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

5 кг жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -