"7-20-25" ипотекалық несиелеу: тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері

8393
Фотосурет: @wirestock / freepik

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өзгерістер Ұлттық Банктің 2024 жылғы 30 қазандағы № 65 Басқарма қаулысымен енгізіледі, онда:

  • 2025 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемі 100 млрд теңгеге дейін белгілеу;
  • «7-20-25» бағдарламасы бойынша алынған қарыздың негізгі борышы мен сыйақысы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күн кіретін кезеңге мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін төлем мерзімін кейінге қалдыруды енгізу;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы туралы талапты енгізу көзделеді.

Бұл нормалар халықты, әсіресе, баспанаға мұқтаж азаматтарды мейілінше көбірек қамту мақсатында, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды көздейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес енгізіледі.

Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады.

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы кезінде жылдық 7% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.

2024 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша, бағдарлама аясында 1 059,6 млрд теңгеге жеңілдетілген 76 753 қарыз берілді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -