Авиацияны дамыту: ИКАО Президентінің Қазақстанға сапарының жоспарлары

5819
Фотосурет: t.me/caa_kaz

Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының аймақтық директоры Николас Ралло мырзамен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында ИКАО-мен ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық авиация саласының тұрақты дамуы саласында ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2025 жылдың шілдесінде ИКАО Президенті Сальваторе Шаккитано мырзаның ресми сапары күтілетіні туралы айтылды.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 1944 ж. азаматтық авиация саласының жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған БҰҰ үкіметаралық мамандандырылған мекемелерінің, бірі қазіргі уақытта 193 елді біріктіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -