7-8 қарашада Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің форумы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Форум аясында 7 қарашада республикалық Аналар кеңесінің мүшелері үшін біліктілікті арттыру бойынша семинар өткізілді. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанай, "Ана үйі" қоғамдық қорының негізін қалаушы Анар Рахимбаева, Атырау облысының әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қанатов, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлік Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар Аналар кеңесінің "Біртұтас тәрбие" тұжырымдамасын іске асырудағы рөлін, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу шаралары, вандализм мен ысырапшылдыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады.
Форумның екінші күні де қарқынды болды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға арналды.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов, Білім министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанай, сондай-ақ өңірлердегі аналар кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Ұлттық ұланның әскери бөлімшелеріндегі аналар кеңесінің жұмысы» туралы ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов баяндама жасады. Қайрат Жарылқасынұлы әскери қызметшілерді патриоттыққа тәрбиелеу, әскери ұжымдарда ұлтаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша кешенді жұмысты жүзеге асырудың маңызды екенін айтты.
- Аналар - үйдегі ошақтың, дәстүрлі құндылықтардың иесі. Олардың даналығы мен сүйіспеншілігі кез келген отбасында, кез келген ұжымда жылу мен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастырады. Аналардың кеңестері біздің әскери қызметшілерімізді моральдық тұрғыдан қолдап қана қоймайды, сонымен қатар олардың отбасыларына қатысты әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысады. Олар армия өміріне бейімделуге, тұрмыстық мәселелерді шешуге, туыстарымен және жақындарымен байланыста болуға көмектеседі. Бірлескен күш-жігермен біз отбасы институтын нығайту, әскери қызметтің беделін арттыру және Отан қорғаушыларымыздың патриоттық көзқарастағы ұрпағын тәрбиелеу үшін одан да көп нәрсе жасай алатынымызға сенімдімін,-деді генерал-майор Қайрат Үмбетов.
Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Салауатты сана" арнайы жобасын іске асыру және өңірлік Аналар кеңестерінің қызметі бойынша бірқатар мәселе талқыланды. 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің белсенді мүшелері марапатталды.