Ұландықтар қырағылық танытты

6831
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері аумақты патрульдеу кезінде тыйым салынған затты тузеу мекемесіне лақтыру әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл іс-шарада Ұлттық ұланның Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің 2-ші арнайы мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері айрықша рөл атқарды. Олардың үйлесімді іс-қимылының арқасында күдікті азамат оқиға орнында дереу ұсталды.

Ұсталған азаматтың көлігін тексеру кезінде ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат табылып, тәркіленді. Оның есірткі құралы екендігі болжанып отыр. Ескерте кетейік, мұндай әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеттерінің алдын алу шаралары мекемеде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мекеме қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің үйлесімді әрекеті олардың мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары кәсібилігі мен тиімділігін айқын көрсетіп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -