Алматыда ұландық сарбаздар есірткі ұстаған жас жігітті ұстады

8008
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

8 қараша күні сағат 21.40 шамасында Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде есірткі жасырған адамды ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұрдәурен Айтмағанбет пен патрульші қатардағы жауынгерлер Айбек Байтулел мен Тимур Чабиков 8 шағын ауданда қызмет атқару кезінде өзін күдікті ұстаған жас жігітті байқаған. Бұл туралы ұландықтар дереу әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлады. Әскери қызметшілер оның тұрғын үйлердің ауласындағы ағаштардың арасынан бірдеңе іздеп жатқанын байқады.

Ол бізге күдікті болып көрінді. Сосын оған жақындадық. Күдікті азамат қашуға тырысты, бірақ біз оны ұстап алдық. Сол жерден ерекше иісі бар есірткі заты табылды Дейді ұландық Нұрдәурен Айтмағанбет

Әрі қарай күдікті оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -