«Стоп, вандал» акциясы: бұзушылар Астанада жауапқа тартылды

4026
Фотосурет: Gov

Елордада вандализмге қарсы күрес және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құқық қорғау органдары вандализмнің тағы екі жағдайын анықтап, бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

31 қазанда таңғы сағат 9-да 26 жастағы ер адам кеңсе терезесін әдейі сындырып, жеке меншік нысанға материалдық шығын келтірді.

Бұған ұқсас жағдай 30 қазан күні кешке болды. Жас жігіт біреудің көлігінің әйнегі мен айнасын сындырды.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Стоп, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Жыл басынан бері сот 270-ке жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -