Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жиында ведомство басшысы министрлік құзыретіндегі сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында белгілі болғаны: Келесі жылы «Қызылорда-Ақтөбе» автомобиль жолын қайта жөндеу басталады. Жол I техникалық санатқа сәйкес және төрт жолақты болады.
Жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласын айналып өтетін жолдан басталады. Қызылорда облысының аумағы бойынша жолдың ұзындығы 465 шақырымды құрайды. Сондай-ақ 2027 жылы жалпы ұзындығы 736 шақырымды құрайтын «Бейнеу-Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы басталады. Сонымен қатар, биыл Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымы пайдалануға беріледі. Кездесу соңында министр өзекті мәселелері бар өңір азаматтарын жеке қабылдады.
Ішкі туризмді дамыту аясында келесі жылдан бастап «Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарлануда.