Әскери қызметшілерге арналған несиені кейінге қалдыру: нені білу маңызды?

15939
Фотосурет: © El.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) 2024 жылғы 20 тамыздан бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында банктердің мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне банктік қарыз шарты бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді қарыз бойынша сыйақы есептемей кейінге қалдыру мүмкіндігін беру міндеті көзделгенін еске салады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мерзімді әскери қызмет өткерудің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында заңнамалық деңгейде әскери қызметшілерге өтініш беру, әскери қызметшілердің кредитордың бөлімшесіне бару және қарыз шарттары мен кепіл шарттарына қосымша келісімдерге қол қою қажеттілігінсіз автоматты режимде кейінге қалдыру мүмкіндігін беру көзделген.

Кредитор автоматты режимде төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін бермеген жағдайда, қарыз алушы/әскери қызметші кредиторға тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредитормен мәселе реттелмеген жағдайда, әскери қызметшінің Агенттікке жүгінуге құқығы бар.

Заңды күшіне енген сот актісі, банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба, банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған татуласу туралы келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар банктік қарыз шарттары бойынша төлем мерзімі кейінге қалдырылмайтынын атап өткен жөн.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -