Ірі ГЭС құрылысына жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылғы 11 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймақтары үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 200 МВт гидроэлектр станциясының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 220.9 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 37 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуат көлемі 200-ден 220,9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына 10 компания жеңімпаз деп танылды:
- «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 37 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Standard Hydropower» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.2 МВт, аукциондық бағасы 37.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «ADM Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 12 МВт, аукциондық бағасы 37.05 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Ескельдинская ГЭС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 23.2 МВт, аукциондық бағасы 37.3 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Калжыргидро» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 19 МВт, аукциондық бағасы 37.35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Жарық Энерго» Ұлттық энергетикалық компаниясы» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 37.4 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 37.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «ГЭС БОРОХУДЗИР» ЖШС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10,5 МВт, аукциондық бағасы 37.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 37.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «KOKSU HYDRO» ЖШС мен «Qamqor Energy» ЖШС арасындағы консорциум, жобаның белгіленген қуаты 53 МВт, аукциондық бағасы 41.21 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID және «KOREM» АҚ-ның өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ГЭС құрылысына жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 12 қарашаға жоспарланған.