Арыс қаласындағы мұражай сапер-батырларға арналған бөлім ашады

4279
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Арыстың мұражайында саперларға арналған ерекше бұрыш ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Арыс қалалық Орталық мұражайы ішінен 44859 әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілерді залалсыздандумен айналысатын инженерлік-саперлік батальон құрметіне арнайы бұрыш ашылды. Мұндағы мақсат - қауіпті оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ерен еңбегін мәңгілікке ұлықтау және ұрпаққа үлгі ету мақсатында қолға алынды.

Ашылу салтанатына ҚР Қарулы күштері инженерлік әскерлері департаментінің бастығы, полковник Руслан Жансейтов, қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Айбын әскери-патриоттық клубының жас сарбаздары және әскерилер мен қала тұрғындары, сала ардагерлері мен қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың туыстары қатысты.

Іс-шарада сөз алған полковник Руслан Жансейтов ел үшін жан қиған сарбаздардың ерлігін еске алу мақсатында ұйымдастырылған бұл бұрыштың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

"Батырлармен қоштассақ та, олар мәңгі есте қалады. Мұражайға өз келген әрбір қонақ біздің саперлеріміздің табандылығы мен адалдығының дәлелі болатын бірегей экспонаттарға жақын таныса алады. Біздің мысал өскелең ұрпақтың арасында әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз" Полковник Жансейтов

Музей ішінен ашылған арнайы аумақты саперлық батальонның қолданған құрылғылары, снаряд түрлері, және жауынгерлердің қызмет барысындағы фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың өмірбаяндарымен танысуға мүмкіндік бар.

Осы ашылу салтанатының бір бөлімі ретінде батальон арнайы көрме ұйымдастырды. Мұнда келген қонақтар саперлар қолданатын күнделікті құрал-саймандарды көріп, олардың қалай қолданылатынын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -