Алматы өңірлік гарнизонында қысқы көлік қауіпсіздігіне қатысты кездесу өтті

18040
Фотосурет: РЭжБӘИИ

Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы мен Алматы қалалық Полиция департаментінің өкілдері «Автомобильді қысқа даярлау – апатсыз пайдалану кепілі» айлығы аясында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының жеке құрамымен арнайы кездесу өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – көлік құралдарын қысқы кезеңге дұрыс дайындау арқылы жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Кездесу барысында Әскери полиция басқармасының бастығы подполковник Ержан Шынсерікұлы мен Алматы қалалық Полиция департаментінің өкілі, полиция майоры Санат Мейірқұлов әскери қызметшілерге жол қауіпсіздігі талаптарының маңыздылығын түсіндірді. Олардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі сақтық шараларын елемеуден, көлікті мезгілге сай дайындықтан өткізбегенінен туындайды. Жол-көлік оқиғалары, көбінесе, қараша және желтоқсан айларында орын алады, себебі түнгі аяздар басталып, жол көктайғақ болады. Осы уақытта дөңгелектерді қысқы мерзімге сай ауыстырмау – жол қозғалысына үлкен қауіп төндіреді.

Теориялық кезеңнен кейін жол сақшылары әскери қызметшілердің көліктерінің қысқы кезеңге дайындығын, атап айтқанда, дөңгелектерінің жағдайы мен техникалық қауіпсіздігін тексерді.

Алматы өңірлік гарнизонының жеке құрамымен өткізілген бұл кездесу жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттілігін тағы бір рет көрсетті. Қысқы кезеңге дайындық шараларын сақтау – тек айыппұлдан құтылудың ғана емес, әр адамның өмірін сақтап қалудың кепілі.

Жанар Әміржанова, РЭжБӘИИ

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -