Мемлекеттік еңбек инспекциясы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар

4257
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ілгерілету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. Мұрат Мұратбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, ҚР ЕХӘҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева, барлық өңірлерден 215 мемлекеттік еңбек инспекторы және өзге қызметкерлер қатысты.

Ақмади Сарбасов алғы сөзінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және оларға жол бермеу Еңбек министрлігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама шеңберінде министрлік жыл сайын құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Мемлекеттік еңбек инспекция комитетінің аумақтық департаменттерінің барлық қызметкерлері мемлекеттік қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері туралы нақты білуі тиіс», – деп атап өтті ол.

Мұрат Мұратбеков мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері туралы айтып берді, олар: ҚР еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау.

«2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 4552 тексеру жүргізілді (2023 жылы – 5834), 7146 бұзушылық анықталды (2023 жылы – 8936), оның ішінде 1769 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңды бұзу болды.

Жұмыс берушілерге 2723 ұйғарым берілді (2023 жылы – 3741), 338,9 млн теңгеден астам сомаға (2023 жылы – 339,5 млн теңге) 3207 әкімшілік айыппұл салынды (2023 жылы – 2046).

2024 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін департамент басшылары мен олардың тікелей бағынысты қызметкерлерін жауапқа тарту фактілері болған жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы хабарлады.

«Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі негізгі міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 15 облыста жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер анықталды. Оларды болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілді», – деді Мұрат Мұратбеков.

Іс-шара соңында Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті пен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығына 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және бекітуді тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -