Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарттары: мәселелер мен шешімдер

5291
Фотосурет: Gov

Денсаулық сақтау министрлігі Білім министрлігімен бірлесе отырып, ЮНИСЕФ, ұлттық сарапшылардың қолдауымен мектептердегі тамақтануды қалай жақсартуға болатынын талқылау үшін «Мектептегі тамақтану: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесуге қатысушылар білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыруға негіз болатын мектептегі тамақтанудың жаңа стандартының жобасымен танысты. Ол азық-түлік сатып алудан бастап тамақ дайындауға және осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

Оқушылардың диетасын энергия мен қоректік заттарды, сондай-ақ тұзды, қантты және қаныққан майларды тұтыну нормаларына сүйене отырып, тағамдардың пайдалылығы мен тағамдық құндылығын ескере отырып қайта қарау жоспарлануда.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ тамағамтану академиясымен бірлесіп, ерекше диеталық қажеттіліктерді қоса алғанда, оқушылардың тамақтануын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұл қант диабеті, тағамдық аллергия, лактозаға төзбеушілік және басқа да ерекшеліктері бар балаларға қатысты.

Сарапшылар сонымен қатар мектептерде тамақтануды өңірге қарамастан барлық балалар үшін қалай қолжетімді және тең ету керектігін талқылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тегін мектеп тамағымен 1,7 млн.оқушы қамтылған. Балалардың физикалық және психикалық дамуы үшін дұрыс тамақтану маңызды.

Тамақтану стандартының жобасын талқылау үшін Білім министрлігінің базасында бейінді тамақтану мамандары мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -